АҚҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТКЕН ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Елбасы тапсырмаларына сәйкес, әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы жылдық есеп беруі биыл да жалғасуда. Тұрғындармен кездесулер барысында жыл бойына атқарылған жұмыстар айтылып, бағынбаған белестердің себеп-салдары сараланады. Аудан әкімі Жандос Баирхановтың ауданның 2018 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылға арналған міндеттері жөніндегі тұрғындар алдындағы есепті кездесуі Аққұдық ауылдық округінде өтті. Жиын барысында аудан басшысы Жандос Баирханов аудан бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, тұрғындардың елдік мәселелерді сөз еткен сұрақтарына жауап берді.
Округ әкімі Қуаныш Утаралин округтегі 2018 жылы атқ