АТАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ СӨЗДЕР!
*_- Елді кім, үйді кім бүлдіреді? - деп сұрапты қарт немересінен._*
- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.
*_- Жоқ, балам, олай емес! Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді._*
*_Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдамау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария._*
*_- Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт._*
- Ата, үйдегі алтын қазық ер жігіт, - депті немересі.
*_- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің