Жапон жігіті шындықты айтты...
Бір күні Ыстанбұлдың әуежайында бір қазақ жапон жігітімен кездесіп қалыпты. Сонда қазақ қарап тұрмай жапонды былайша әңгімеге тартыпты.
Қазақ: - Сіздерге қатты тамсанамын. Өте алғыр ұлтсыздар. Осы әрбір он жапонның тоғызы ақылды, бірі ғана надан шығар, ә?
Жапон: - Ақылдылар бізде емес, сіздерде көп. Мысалы, он жапонның тоғызы надан, біреуі ғана ақылды. Ал, қазақтың онының тоғызы ақылды, біреуі ғана надан.
Қазақ: - Ендеше неге біз артта қалдық та, сіздер дамып кеттіңіздер?
Жапон: - Мәселе мынада. Біз - жапондар әлгі тоғыз наданға бір ақылдыны басшы қып қоямыз. Ал, сендер - қазақтар әлгі тоғыз ақылды қазаққа бір ақымақ қазақты басшы қып қоясыздар.Жапон жігіт