Бүгін Қостанай ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Азат Тұрлыбекұлы Перуашев ресми сапармен келді. Аудан орталығы Тобыл қаласында аудан әкімі Виктор Радченкомен кездесіп, тұрғындар қатысуымен жиналыс өткізді. Ашық пікірталас алаңыдағы форматтағы кездесу өткізді. Кездесу барысында әркім өз пікірін білдіріп, өзекті мәселелерімен бөлісті. Азат Тұрлыбекұлы спикерлерді тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді, өзінің және «Ақжол» партиясының ұстанымын айтты. Кездесу соңында Азат Перуашев «S.M.F.-SYSTEM» ЖШС-н және Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығынд