Жылда бұл күнді атаусыз қалдырмайтын едік. Бұл күн ерекше күнболатын.Өзара мәре сәрә болып Асыл жар,ардақты әке, жан атамыздың туған күнін тойлаушы едік....Бүгінде қасымызда сен жоқсың папа-ау!!!
Бірінші болып құттықтауға асығып он екіні тосушы едік....
ӘКЕШІМ,ӘКЕТАЙЫМ! бүгінгі туған күніңменЖаның Жәнаттың төрінен орын алсыншы
Жан едің жақсылыққа жаратылған,
Біз үшін орның бөлек дара тұлғаң.
Қамқоры жанұяның қайран әке,
Мезгілсіз қайырылдың- ау қанатыңнан.
Жаутаңдап кете бардың қайырылмадың,
Езілтіп ет жүректі жараладың.
Өзіңді еске алады сағынышпен,
Мәңгілік жан жолдасың, балаларың