*Менің қолыма кез келген адамға ой салатын тамаша бір жазба келіп түсті.*
Авторы кім екенін білмеймін.
Қашан жазылғаны да белгісіз. Ол маңызды да емес.
*Маңыздысы – ондағы айтылған сөздер.*
Саналы адам осыны оқи отырып, өзіне сабақ алары сөзсіз. Сіз де оқып көріңіз, өкінбейсіз!
* *Жақыныңа өкпелі болсаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.* Өкпе, реніш, наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді.
Бүгінгі адам – ертең топырақ.
Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың.
Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа.
* Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді. Ештеңе дәл бүгінгідей қайталанбайды.
Әр уақыттың, адамның да қадіріне жете біл.
Тірі адам