Əн қоржын ашылды, ішінен əндер шашылды
Сенбейсің
"Мен-сен сенсең, бір жүрекпіз екеуміз,
Күнде, түнде бірге соғады екенбіз".
Қайырмасы:
Сенбей жүрсің, сенбейсің,
Келме дейсің, келмейсің,
Сертіңді де маған бермейсің.
Сенбей жүрсің, сенбейсің,
Көңіл дертін көрмейсің,
Енді қашан, жаным, кел дейсің?!
Жанарым толды мұңға,
Аққусыз көлден аумайды.
Іңкәрлік шығар бұл да,
Махаббат мұңсыз болмайды.
Құлпырасың гүлдей қырда,
Жұпарың жанды баурайды.
Жүрегімді тыңда, тыңда,
Сүйген жүрек алдай алмайды.
Қылықты ерке мінез,
Болмайды сендей ешкім.
Өзіңді ертелі кеш
Ойлаумен ғана күн кештім.
Ешкімге бас ұрмайтын
Сенде бар әсем нұр кескін.
Сырыңды жасырмайтын
Жанарыңменен тілдестім.
Айтылмаған жыр бар, с