Қазақ халқы ақылы дара биіктен көрінгенді төбесіне көтеріп, құрмет жасаған. Оған бабаларымыздың: «Жасы кіші ініні, ақылы асса, аға тұт»,-деген.
Жақсы мінез – жан көркі. Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – бойға біткен мінез. Осыны ескерген Бұхар жырау: «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?»,-деп ұрпақ өрбітіп, бесік тербететін болашақ аналарға ең алдымен көркем мінезді болуды насихаттаған.
Қазақ әрқашан «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсының өзі өлсе де – сөзі өлмейді», «Сөздің де шоқтайы бар, мұздайы бар, алсаң сол қызулысын, қыздайын ал» деп ауыздан шыққан әрбір сөзге сақтықпен, байыппен қараған. Тіпті, артық сөзді абыройсыздыққа санаған халқымыз «
Ойнап айтсаң да - ойлап айт.
Күліп айтсаң да - біліп айт.
Әзіл айтсаң да - әділ айт.
Сөз өнерін қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Сөзді киелі деп те түсінген. Әлдекім «әлдене туралы жақсы айтсаң да, жаман айтсаң да, айтқаның айналып келіп, өзіңді табады» дейді. Қазақ мақалы адамға келер он бәленің тоғызы тілден деп сақтандырады.