-Аффирмация деген не?- деді, бір қыз жұмыста түстік асты ішіп отырғанда.
Аффирмацияның не екенін білмейтін адамдарда бар екен-ау,- деп ойлап үлгердім.
Соның арасында екінші бір қыз:”аффирмация деген…..”- деп қазіргі психологтардың әңгімесін айтып бастаған еді. Мен сөзін бөлдім де;
-Жай қарапайым сөзбен айтайыншы,- дедім.
-Аффирмация-адам қайталап айта беретін сөз. Не сөзді қайталап айта бересің, сол аффирмация.
“Шаршап тұрмын”- деген сөзді бірнеше рет айта берсең, сен шынымен шаршап тұрғаныңды байқайсың. Сосын, оны дәлелдеп тағы айтасың. Сонымен, сен шынымен шаршап жатқың келеді. И шаршап жатасың да.
Бұлда аффирмация. Бірақ, бұл негативті аффирмация. Сол үшін жақсы сөзді көбірек сөйлеу к
Шеберліктің тағы бір артықшылығы, қалаған уақытта қалаған киімді, өзіңе ыңғайлап тігіп алу.
Мына 2 метр штапел матаны, бір шәкіртім Наурыз мерекесінде “Көрісуге”-деп әкеліп сыйлаған.
Бүгін жуып алып, үйге кигенге жеңіл деп, қиып-тігіп алдым.
Менің таң қалатыным, қазақ ата бабамның ысырапқа жол бермегені.
Қазақша көйлектердің етегінің желбіршектері не үшін дейсіздер. Қыздардың бойына қарай, ұзын болса бір жербіршек қосып, егер қыздың бойы қысқа болса етегіндегі бір жербіршекті сөгітіп тастап кигізіп отырған. Жеңіндегі қатар-қатар желбіршектері де сондай.
Енді, киім тіккенде, қалған қиындылардан түстерін үйлестіріп, құрақ жасап, көрпе- көрпешенің тысын тігіп, ішіне қойдың, түйенің жү
Тігін тігу өнерінің артықшылығы көп.
…
.
Жиендерден кеше приказ түсті. Бүгін ашық сабақтарына ұлттық киім кию керек екен. Шешелері штор тігеді. Оның қалдықтары жетеді. Өнер қолда тұр. Айналдырған екі сағатта киімдері дайын болды. Өздері де кәріске ұқсайды. Қызым айтады:
- Шебер болғанымыз қандай күшті болды,- деп.
Біреуінің жеңін реглан, екіншісінің жеңін безшов спущенный жасадым.
Күнде кимейді, бір кигенге питек мата жарайды. Күн қазір салқын боп тұр, бұл мата әрі денелеріне жылы.
Апайларыда бала-бақшаға кіргеннен:
- Ой, мына кәрістер кімдер, дереу суретке түсіріп алайық,-деп түсіріп алыпты.
Ал, мен тігін тігудің бір пайдасын жазып пост салдым
“Жігітке жеті өнерде аз”- деген мақал бар емес пе? Бірақ, бұл жыныс таңдамайтын сияқтығой. Өнер үйренем дегенге шектеу жоқ, ия.
Ростовая кукланың бизнесін білгенде, қатты қызықтым. Жаңа жылдың алдында екі кукла тігіп, ақша табамын деген ойым, жүзеге аспады.
Себебі, ұстаздар әр түрлі болады екен. Бірі ақша алған соң, толық үйретіп батасын алғаншы, шәкірттің жақсы маман болғанын күтеді. Екіншісі, ақшасын алғанымен, менен озып кетеді, конкурент болады дейма, қызғанышы басым болып көңілде аудармайды.
Солай жаңа жылға екі кукла тігіп ақшаға қарық болам деген ойым быт шыт болды. Ұстазым асықпады. Видиоларын толық салмады.(сол күйі әлі толық салынбай қалды)
Қабарлассам заказдарымды тігіп алайы
Қазір әлеуметтік желіде неге қызығасың, қандай видионы соңына дейін қарайсың, сол нәрсе жылтылдап алдыңнан шыға береді.
Ал, енді тик- токта жаман нәрсе көп дейтіндерге күлкім келеді. Жаман видионы қарама! Сонда сенің алдыңнан соған ұқсаған видиолар шықпайды.
Менің ток-тогымда небір шеберлердің жұмыстары шыға береді.
Жасаған жұмыстарына көзің жарқ етіп, тігуге зейінім ашылады.
Елдер де менің жасағанымды көрсін деп, тез арада бірдеңе тігіп тик-токтың эфиріне сала салам. Менің жұмыстарымды көріп тігінге қызығатын, тігіп жүрген адамдар подписка жасап жатады.
Өнерімді әлемге паш ету үшін тик-ток маған ыңғайлы. Әлемге дейтінім, қай мемлекеттен қанша пайызы көріп жатқанын білуге болады.
Сөз с