Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы шешімнің жобасын келісті. Құжатта тұрғын үй көмегін есептеу, оның ішінде телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерін арттыру үшін өтемақы төлеу, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар тәртібі регламенттелген. Тұрғын үй көмегі Өскемен қаласының аумағында тұрақты тіркелген және тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға және азаматтарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Қарау қорытындысы бойынша шешімнің жобасы
Қазақстан Республикасында екінші шақырылымның депутаттарын сайлау (1999 - 2003 жж.) 1999 жылғы 10 қазанда өтті. Өскемен қалалық мәслихатына барлығы 25 депутат сайланды. 1999 жылғы 16 қарашадағы бірінші сессияда қалалық мәслихаттың хатшысы болып Рытов Петр Евгеньевич сайланды. Сол кезеңдегі әкімдер - Вера Николаевна Сухорукова (1999-2003) және Александр Васильевич Гречухин (2003-2004) болды. Екінші шақырылым даулармен, пікірталастармен, шиеленіскен жағдайлармен есте қалды. Олар облыс орталығының саябақ аймақтарын ретке келтіре, мұражайларға көп көңіл бөле бастады. Осы шақырылымның бір жетістігі Машиностроителей көшесіндегі үйлерді қалалық жылу жүйесіне қосу болды. Депутаттық бастаманың тағы б
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған сәттен бастап қалыптасқан мәслихаттарға 30 жыл толады. Мәслихаттар институты «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) негізінде құрылды. Осыған байланысты облыстық, қалалық, аудандық кеңестердің өкілеттіктері өкілді орган - мәслихаттарға берілді. 30 жылдық тарихы бар Қазақстан мәслихаттарына осы кезден бастап халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ететін мемлекеттік органның өкілеттіктері берілді. 21 депутаттан тұратын алғашқы депутаттық корпус (1994-1999 жж.) жаңа Заңға сәйкес қалалық мәслихат жұмысының бағыттарын белгіледі - мәслихаттың жұмысы бойынша