Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар 2024 жылға арналған Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекітті. Бұрын бекітілген тарифке ресми инфляция пайызын ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі тарифтің мөлшері айына бір шаршы метр үшін 35,35 теңгені құрады.
Сондай-ақ, депутаттардың бастамасы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.
На очередной сессии Усть-Каменогорского городского маслихата депутаты утвердили минимальный размер расходов на управление о
Мәслихаттың кезекті сессиясында Өскемен қаласының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есеп қаралды. Депутаттар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін талқылады, меншікті кірістердің түсімдері, жоғары тұрған бюджеттерден түсетін трансферттер, бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын талдады. Бюджетті қалыптастыру, жоспарлау сапасы кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірқатар ескертулер айтылды.
Ішкі және сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, салық базасының өзгеруін, алдыңғы кезеңдерден түсуді ескере отырып, қалалық кіріс бөлігінің жоспарлы көрсеткіштерін қалыптастыру және нақтылау мониторингін жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ, б
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары қала аумағында бұқаралық спортты дамыту және азаматтардың дене бітімін жетілдіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау мәселесін қарады. Спорт саласындағы проблемалық мәселелер қоғамдық орындардағы, бірқатар аула аумақтарындағы және шалғай шағын аудандардағы спорт объектілерінің техникалық жай-күйі, қалалық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің жеткіліксіз деңгейі болып қала береді.
Бұқаралық спортты дамыту деңгейін арттыру үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан спорт алаңдарын теңгерімде ұстау және жөндеу мәселесін шешу; қоғамдық орындарда спорт объектілерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды т
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында депутаттар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры нысандарының жылу беру маусымына дайындығын қарастырды.
Талқылау барысында жылу энергиясын жеткізушілер негізгі және қосалқы жабдықтарды және жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін жөндеуді жоспарлағанын, сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқару органдары тексеруді, жалпы үйге ортақ жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуді бастағанын атап өтті.
Қараудың қорытындысы бойынша депутаттар ұзақ пайдалану мерзіміне байланысты жылу және су құбырлары желілерінің едәуір көлемінің тозғанына назар аударды. Осыған байланысты депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәж
Депутаттар жастардың алдында тұрған негізгі мәселелерді әлеуметтік мәселелер және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комиссия отырысында талқылады.
Шешуді талап ететін бірінші кезектегі міндеттер бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері болып қала береді.
Ойынға тәуелділіктен зардап шегетін жастар санының өсуі және салдары ретінде олардың көп несие алулары ерекше атап өтілді.
Проблемаларды шешу үшін жауапты мемлекеттік органдарға еріктілер қатарына тарту үшін жастарды қолдау шараларын кеңейту; жастар ұйымдарының құрылымын әзірлеу және Өскемен қаласының Жастар ісі жөніндегі комитетін құру; жастарды ақпараттандыру үшін ақпараттық телеграмм