Қайырлы таң!
"Жақсы көру"
Өмірің таңдай болса арайланған
Қатыгез қараулыққа жолай ма адам!
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы.
Нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Жақсы көру жақсы көру;
Не деген керемет ең.
Өмірді сезінуге
Қуанып көз ілуге
Адамға жақсы көруге керег екен
Дидарың аумайды екен жарық күннен.
Ғашық боп қалғанымды жаңа үқтым мен.
Келбетің көз алдыма, айымда сен,
Өзіңді жақсы көріп қалыппын мен
Ешкімге содан бері алаңдамай.
Жүрегім жанарыңа қамалғаны -ай?
Ғажайып күй кештірген сезім -,сәуле.
Өзімді жетелейді соған қарай.
Фариза Оңғарсынова.