Сонау алыс ауылдан,
Атасы келді ауылдан.
-Хош келдіңіз жан ата,
Деп қуанды Оспанхан.
-Айналайын жан ата,
Қыдырайық қаланы.
Көрсетейін қызықты,
Жүрші,жүрші далаға.
Деп желікті Оспанхан.
Дедектетіп атасын,
Сүйреледі әр жерге.
Атасы үсіп ақ терге,
Сырқырады сүйегі.
-Жетер енді құлыным,
Шаршап қалдым қалаңда.
Қайтам ертең ауылға,
Құрсын сенің қалаң да.
Аяғымды тоздырып,
Талай көше оздырып.
Шаршаттың ғой сен мені,
Деп атасы ренжіді.
Ауылыма оралам,
Керек емес қалаң деп.
Салды атасы байбалам,
Көздің жасы сорғалап.
-Шағын ғана ауылым,
Менің үлкен шаһарым.
Содан артық жер таппан,
Көрген емен жалығып.
Екі аяғым шаршамай,
Жүре берем ауылда.
Жалықпаймын күндіз де,
Тіпті айлы кеште де.
Қанша өмір сүрсем де,
Тұра берем ауылда.
Ауыл менің өмірім,
Бәріне де көндіктім.
Деп атасы ертеңі,
Аттаныпты ауылға.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев