9 мамыр Жеңіс күні! «Желбіре, Жеңіс жалауы!» тақырыптық сағат.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні туралы түсінікке ие болу. Қаза тапқан батырларды еске алуға тәрбиелеу. Отанымыздың тарихының қаһармандық беттерімен таныстыру және отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу.
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.
1 мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күні.«Шуақты көктемгі мейрам!» тақырыптық кеш.
Мақсаты: оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру,мерекелік көңіл күй қалыптастыру; Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің татулығын арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігім болсын! Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын! Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін!
Кітапханада «Өз ортасының алды болған» бренд-автор-шоу өтті. Бердібек Соқпақбаевтың мерейтой кітаптары жайлы айтылды. Жазушының туындыларын білмейтін оқырмандар шығармаларымен танысты. «Менің атым Қожа» повесіне түсірілген көркем фильм де көрермендердің ыстық ықыласына бөленгенгені жайлы айтылды. Кітапханамызға келіп, жазушының туындыларын оқымағандарыңыз болса, оқып танысып, оқығандарыңыз қайта оқып шығуға кеңес беремін. Балалық шаққа саяхат жасаңыздар!