«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас бер