ҚАЗАҚТАР ҰСТАНҒАН ТЫЙЫМДАР
Бесікті теппе.
Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.
Беті – қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығаруға
болмайды.
Босағаға сүйенбе.
Босағаны керме.
Бос бесікті тербетпе.
Бөтен үйге түнде сәлем беріп кірме («Кеш жарық» деу
керек).
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
Біреуге тесіліп қарама.
Бір қолмен нан үзбе.
Бір қолыңмен су құйма.
«Біссіміллә» демей ас татпа.
***
Дастарханды аттама.
Дастарханды пышақпен қырма.
Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
Дос – жаран, құда – жекжаттан ит алма, ит берме.
Дүние қума.
***
Екі кісінің арасынан өтпе.
Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.
Елшіге тиіспе.
Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.
Ер –