ЖАҚСЫ ҚАРТАЮ ДА БІР БАҚЫТ
Алпыстан асқаннан кейін, тәжірибең молайып, ақылды бола түсесің.
Сол бойыңнан кеткен қуат тілге ауысады.
Кейінгілерге ақыл айтқанды ұнатасың, өзің жас кезіңде жіберген қателіктерді үрім- бұтағым қайталамаса екен дейсің.
Сондықтан көп сөйлеп, қызыл тілге сүйенесің...
Алпыстан асқаннан кейін адамның қимыл- қозғалысы, тіпті іс-қимылы өзгере бастайды, уақыт өз дегенін істейді.
Бетке әжім түсіп,адам қартая бастайды.
Үлкейген адамның көркі-денсаулық!
Жас кезіңде денсаулықты табиғаттың өзі береді.
Қартайған кезде өз денсаулығыңызды күтіп сақтауыңыз керек.
Осы кезде адамның бірінші жауы- дұрыс тамақтанбау және жеңілтектік.
Жас кезде майлы тамақ организмге күш