Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!
18.03.2023 ж. Қыз ұзату тойы
Бақытты бол Жания,
Құтты болып қадамың.
Жаңа өмірің бақ сыйлап,
Құлпыра бер бағалым.
Жолың болсын Жания,
Қосағыңмен қоса ағар.
Тілейтінім өзіңе,
Жан сіңлім сәт сапар...
Тамыр жайып өркенде,
Қайынжұртты таң қылып.
Жаңа өмірің құлпырып,
Ата берсін таң күліп.
19.03.2023 ж. Тұсау кесер тойы.
Тәй-тәй басқан Әмір кішкентайымыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын! Өмір жолы ақ, түзу болсын! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін! Өмірі нұрға, көңілі жырға бөленіп жүрсін!
Құрметті мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін орта мектебінің 1 "В" сыныптың бүлдіршін қыздары мен Анар апай!
Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдер, қыздар – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!
Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, Қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын – жұрағаттарыңыздың барлығы да аман – сау, денсаулықтары мықты болып, сіздердің әрқайсыңыздың жан – жүректеріңізден ертең
Заречный ауылында бүгін Наурыз мерекесі өтті.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті әріптестер, достар мен серіктестер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!