ҚЫЗДЫҢ ҚОЛЫ
(аштық құрбандарына арналады)
...Сол жылы ес біліп қалған екі ұлды ертіп, елге барғаным есте. Нағашы әжелері- Дәнипаның үйіне ене салысымен екі ұлдың еркеліктері тіпті үдеп кетті. Тап-тұйнақтай жиналған шағын бөлменің шаңын шығарып, біраз ойнаған соң 4-6 жастағы екеуін әжелері шәйға шақырған. Әжеміздің дастарханы әдеттегідей берекелі. Құрт, май, тандыр нан, жаңа піскен бауырсақ дегендер дөңгелек үстелдің сәнін келтіріп, жайнап тұр. Қаланың аста-төк тәттісіне таңдайлары үйреніп қалған балалардың дастарханнан бөлек бірдеңені іздегені де анық. Үйіліп тұрған дәмге назар аудармады да.
-Келе ғой, күнім! Мына ыстық күлшеге май жағып берейін. Қарның ашып қалған шығар? Мә, асап жібер!