Орта жолда атың өлмесін, орта жаста жарың өлмесін
Құдай қосқан қосағымнан үш перзент сүйдім. Барынша жақсы тәрбие беріп, ештеңеден кем қылмай өсірдік. «Осы көзге көрінгендеріміздің рахатын көрейік» деп кемпірімді барынша күтіп-баптауға тырыстым. Бірақ жылдар бойы бойына жабысқан аурудан қашып құтыла алмады. Үлкеніміз қыз, ол Қызылордаға тұрмысқа шыққан. Одан кейінгі бала үйленіп, келініміздің босанатын айы-күні жетіп отырғанда кемпірден айырылдым. Ауырып, мазасы болмай жүрсе де келініне алаңдап, «осы немеремді көріп кетсем арманым жоқ» деп отырушы еді. Бұйырмаған екен, немеренің маңдайынан сүйіп, иіскей алмады. Жеті күндік асын беріп жатқанда келінім перзентханаға түсіп, өмірге Жансая дег
ӨМІР НЕ ҮШІН БЕРІЛГЕН
Өмір адамға сүю үшін һәм сүйікті болу үшін берілген ғой! Бұған бас қатыратындай басқа дәнеңе де жоқ. Адам тек кімді және қалай, қайтіп сүюді сосын сол сүйгеніне қалай, қайтіп сүйікті болуды білсін.
Мұнайдар Балмолда
Бір жылы Абайдың үйінде көп кісі түстеніп отырса, Көтбақ қара Қазыбек дейтін өсекші, қыдырмашы кіріп келіпті.Ол есіктен кіре сәлем беріп: Е, Құдай айдап, бұйырған тағамға кез келгенімді қарашы деп қолын жумастан табаққа қарай ентелеп келе жатса, Абай зілді үнмен:Қайда барасың өңмеңдеп, отыр сол жерге депті.
Қазыбек не дерін білмей сылқ етіп отыра кетіпті. Абай Қазыбекті қайырып тастаған соң бір сөз айтпастан, қонақтарымен етті жей беріпті. Ет артынан шай ішіліпті. Қазыбекті шайға да шақырмапты. Тамақ ішіп болысымен жұрттың бәрі шығып бара жатқанда Қазыбек те кете бермек болып түрегелгенде, Абай «отыр» деп ишара жасапты. Қазыбек қайыра отырыпты.Сонда Абай:Сен өзің өсек жинайсың, біреудің дауы
БАЛА ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ АТАДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР :
Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай сөйлесең, көп ішінде өлер.
*** *** ***
Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.
*** *** ***
Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды.
*** *** ***
Жазалау – оңай, тәрбиелеу – қиын.
*** *** ***
Жақсыға да, жаманға да бала кезден үйренеді.
*** *** ***
Әкесі мен баласының жүрегі бір болса – жер алтынға айналады.
*** *** ***
Жалқау бала – кедей шалға айналады.
*** *** ***
Бай баласы мақтанса, «жылқыдан жорға міндім» дер,
Би баласы мақтанса, «парадан шапан кидім» дер.
*** *** ***
Кәріге құрмет, балаға міндет.
*** *** ***
Балам өсті дегенше, батыр өсті десейші,
Батыр өне