Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
• Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
• Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.
• Таспен атқанды аспен ат - жеңесің. Содан кейін алшақ жүр.
• Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
• Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
• Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.
• Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тəрбиелей бер.
• Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!
• Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
• Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
• Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
• Қайтарымынан үмітті болсаң, жақ