4 мамыр Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында
«Ер – елінің қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні «Көп ұлтты , тату елім - Қазақстан» атты информина өткізілді. «Тұрақтылық тұғыры-татулық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, ө
Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы Бүкіл әлемдік кітап күніне «Кітап – тарих, шежіре!» атты сиқырлы BOOK BAG өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың оқулықтан алған білімдерін байқау. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту. Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.
Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы Қазақ ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібайұлы Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Жыр дариясына айналған ақын» атты буктрейлер ұсынады.
Мақсаты: Әбділдә Тәжібаев өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның өлеңдерін таныту. Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаев туралы мағлұмат беру, ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, отаншылдыққа, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы 12 сәуір - Ғарыш күніне орай «Жер кіндігі-Байқоңыр» атты эдьютейнмент сағаты өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы 2 – сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап патшалығына саяхат» атты әдеби-ойын сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.