"Бес қонақ" өткен соң, мамыр айының шамамен он төрті және жиырма сегізі аралығында 2-3 күнге ғана соғылатын қатты желді халық даналары «Құралай салқыны» дейді.
Ақсақалдар айтуынша, оның дәл бұлай айтылу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып жүгіртеді. Киіктердің төлдер кезі, желге қарсы жүгірген жағдайда ғана олар төлдеуге қабілетті болады екен. Олардың төлдері аптап ыстыққа шыдамайды, сол үшін жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі – үш күнге ғана созылады. Бір ғажабы киік қанша көп болсада, «құралай салқыны» кезеңінде төлдеп үлгіреді. Сондықтан одан ары жаз толықтай күшіне енеді е