Кешірім сұрау - бақыттың баспалдағы.
Жүрегімізге жақын адамдардың назын тыңдап отырған кезде, олардың кекшіл екенін байқаймыз. Өздеріне жасаған жақсылықтарды көп еске алмаса да, жамандықтарды мәңгілік жадында сақтап өтеді. Кешіре білу - бізге жасаған опасыздықтарды ұмыту немесе оларға бой ұсыну емес, осының барлығын қабылдап, өмірдің жаңа ақ парағын ашу.
Мінсіз адам болмайды
Кешіру үшін, «хан қызынан да қателік кететінін» түсінуіміз керек. Адам баласы пенде болғандықтан, ашу үстінде ауыр сөздер айтып, қол көтеруі мүмкін.
Сөз сүйектен өтеді демекші, әрбір ауыр сөз адамның жүрегін қариды. Мәңгілік жадында қалады. Көңілі құлазыған сәтте қайта есіне түседі. Сөз таластыру барысында қарсыласың