2021 жылдың 25 қарашасында Қарағанды индустриялық университеті (Теміртау қ.) базасында «Инновациялық технологиялар және инжиниринг» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы онлайн-форматында өтті.
Конференция қатысушыларына университет ректоры Абдрасилов Б.С. құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өткізілген конференцияның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру жүйесін реформалау бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып, университеттің 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтты.
Конференцияға қатысушыларға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті М.Ж. Жұрыновтан, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Д. Құрманғалиевадан,