Сағыныш
Сағыныш ол дүрсілі жүректің,
Сағыныш ләззәт, үзілмесін үмітің
Сағыныш сағым жетелейді өзімді,
Сағыныш қиял, ұйқысыз өткен ұзақ түн.
Сағындым сені, сағынып жүрмін қымбаттым,
Сағыныш сезім мәңгілік болар серігім.
Жарқ етіп жүзің көрініп қалар сияқты,
Алаңдап көңілім, басып тұр мені ауыр мұң.
Жоқ екен өлгенменен бірге өлмек,
Өткен адам дүниеден емес келмек.
Ауыр қайғы жаныңды жанышсада,
Шықпайды ол, өйткені жаның бөлек.
Білемін түн артында, күн барында,
Сол үміт жетелейді мені алға.
Сол үмітті әрқашан демеу қылып,
Ұмтыламын әр кез алға-алға.
Атқан күн жақсылыққа толы болғай,қазақ халқым!
Өмірдің әр мезеті сынақтардан тұрады ғой.Қиындық қуаныш, жақсылық бәрі кезектесіп тұрады ғой. Ия, шынымен солай.Өмір бізге бірақ рет беріледі.Өмірдің өзі де уақы ша, қиындықтың бәрі де уақытша.Ең бастысы, бар қиындыққа сабыр сақтап, төзе білсек, мейрімді де, кешірімді болсақ бәрі же жақсы болады.Жаратқан Ием шыдамдылық берсін, бәрімізге.
Аурудан емдеп жүрген дәрігерлер мен біздің тыныштығымызды қорғап жүрген тәртіп сақшыларына Мың Тағызым, Мың Алғыс! Күн демей, түн демей еңбек етіп жүр ғой. Аман болыңдар.
Ақ халатты абзал жандар,
Көп рахмет сіздерге.
Тыным таппай жүрсіңдер ғой,
Короноаирустан емдеуге.
Жазылып шыққан бар адамдар,
Риза болар с