Қайтар дүние....
Бүгін Жетісайдан көз жасым көл болып келді. Көзімнен аққан жасты жанымдағы туыстарымнан жасырғаным мен ішім алай - дүлей.....
Туыс атамыздың 40 күндік асына қаладағы ағайындар бір хундайды жалдап бардық. Өткенде жаназасына қатыса алмаған ем, мына асқа қатыспасам тіпті ұят. Таң еертеңгісін жолға шығып, түскі сағат 11 де ауылда болдық. Көптен көрмеген ағайындармен амандасып, Құран оқып, жаюлы дастарқан жанына жайғастық. Қашанда қызды Қыдырдай сыйлайтын қазақтың керемет үрдісі бар емес пе? Мен сынды қыздарды заллға төрге отырғызды. Әулетіміздегі кей әпкелерімді көрмегеніме 15 жылдай болған екен. Аман саулық сұрасып, өмірден өткен атамыз жайлы жақсы естеліктерді әңгіме етіп о