Ағымдағы үгіт-насихат науқаны аясында екі күн бойы қала тұрғындарымен кездескен Балқашты ерекше атап өткім келеді.
Аталмыш уақыт ішінде "Қазақмыс Смелтинг" ЖШС БМЗ басқармасына барып, "Балқаш Жылу", "Балқаш Энерго", "Балқаш Су" ЖШС ұжымдарымен, қаланың ПИК, қоғамдық өкілдерімен кездестім.
Әрине, көптеген сұрақтарды талқыға салдық. Қаланы абаттандыруға, әлеуметтік саясатқа, экономикаға және т. б. қатысты барлық маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалмады.
Балқаштықтардың ашықтығы мен сұқбатқа дайындықтары қуантарлық жайт! Барлық мәселелер ескерілді!
В рамках проходящей агитационной кампании мне особо хотелось бы отметить Балхаш, где в течение двух дней я встречался с жителями город
Үгіт-насихат науқанымның үш күнін Қарағанды өңірінің ірі өнеркәсіптік қалаларының бірі-Теміртауға арнадым.
Аталмыш уақыт ішінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Техол Т" ЖШС, "Asia Central Cement" ЖШС, "Оқжетпес – Т" ЖШС еңбек ұжымдарымен, медицина қызметкерлерімен және педагогтармен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өкілдерімен кездестім.
Барлық кездесулерімде теміртаулықтарды толғандыратын өзекті сұрақтар қойылды. Атап айтқанда қаланы абаттандыру және экология, әлеуметтік қорғау, коммуналдық қызметкерлерге еңбекақы төлеу, металлургтердің зейнеткерлік жасын төмендету және т. б.
Теміртаулықтарға қолдау көрсеткендеріне, сындарлы диалог пен жылы қабылдағандары үшін мың алғыс!
Три дн
Үгіт-насихат науқанымның басында РҚШ қызметі аясында басқа кандидаттармен бірге Саран, Шахтинск, Абай қалаларына барып қайттым.
Сапар барысында біз емдеу және білім беру мекемелерінің ұжымдарымен, аға буын өкілдерімен, жастармен кездестік.
Әңгіме барысында сапалы медицина мен білім беру, кеншілердің зейнеткерлік жасын төмендету, регрессиялық төлемдер және тағы басқа мәселелерді көтердік.
Әрине, жоғарыда аталғандардың барлығы бірінші кезектегі мәселе екендігі сөзсіз, олардың шешімі-халықтың әл-ауқаты мен оның әлеуметтік қорғалу жолындағы маңызды қадам.
Сондықтан аталмыш мәселелерге үнемі назар аударамыз!
В начале своей агитационной кампании в рамках деятельности РОШ вместе с другими