Жанқұл Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі.
Еліміздің батыс өңірі – Ақтаудан 16 шақырым жердегі «Ақшұңқыр» деген ауылда ұстаздар отбасында өмірге келген. «Жаратушы қиындықты тек көтере алатын адамына береді» дейді халқымыз.
Осы сөзді өзіме ғана арналған деп қабылдайтын Тамара, тіршілікте басынан өткен түрлі ауыртпалыққа мән бергенді көңілі қаламайтын қайсар қыз.
90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды.
«Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» дейтін Тамара Асар өмірге ғашық адам кез-келген қиындыққа төзімді болып келеді деген пікірде.
«Серпін» жастар сыйлығының иегрі Тамара Асар басқа әрпітестеріне қарағанда денсаулығына көбірек алаңдайды. Сондықтан қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағанда көпшіліктен оңаша кетіп, баласымен демалғанды ұнатады екен.
Туған жері Ақтауға жиі ат басын бұратын әнші жалғызсырыған сәтте қолына кітап алып, әдебиетпен сырласқанды жан рахатына балайды.
Бала кезден өнерді өзіме серік етемін деп армандаған ол, алдымен Ақтаудағы музыка мектебінде білім алады.
Кейін Алматыдағы қазіргі Елебеков атындағы эстарда және цирк коледжінде оқи жүріп, ілімін мұғалімдік мамандықпен ұштастырады. 8-ші сыныптан бастап Алматыда дәріс алған Тамара көпшілікпен етене араласуна танымал мектепте оқығаны септігін тигізгенін айтады.
Өнердегі еңбек жолы Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында басталған.
Шығармашылықта жүрген 12 жыл ішінде көптеген жанрлар мен бағыттардағы: «Отырар сазы», «Ақжауын», Абыл Тарақұлы атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтып, жұртшылықтың назарында жүр.
Сонымен қатар, жаңашыл эстрадалық жанрда Қазақстанмен қоса, Еуропа, Азия елдерінің алдыңғы қатарлы сахналарында бар талап-талантымен өнерін өрнектеуде.
2001 жылы Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі және №05386 куәлігі,
2002 және 2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімі сыйлығы «Жыл Әншісі» ата5ы,
2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған республикалық конкурста «Гран При» жүлдесі,
2006 жылы Алматы қаласы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет, өнер және өз ісі саласындағы жетістіктері үшін, әрі халық сүйіспеншілігіне бөленер тұлға ретінде»
Тамара Асар небәрі 20 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Әнші бұл күні туған ағасының үйлену тойына жол тартқанын айтады. Өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты жайлы Тамара Tengrinews.kz-тің The Эфир жобасында айтты.
“Аяғым ұшып қолыма түсті. Оны сөмкеме салып алдым. Тілегім, жүрегім ағам мен інім деп соққаннан кейін, “ағам аман болсын, Бека, Бека” деп айқайлай бердім. Оны көпшілікке көрсетпеуге тырыстым. Ерке қыз болдым.
Қазір артқа қарап, мені тәрбиелеген қандай дархан халық деп ойланамын. Етегімді қолыммен жауып, аяғымды сөмкеге салып жасырып, оны көліктің артына тығып үлгердім. Себебі алдымызда үлкен автобус келе жатты, іші толған ер адам.
Соларға көрсетпеу мақсатында ішіме кіріп кеткен темірді суырып алдым. Оның бәрі қызумен болған құбылыс. Сол кездегі тілегім әкем мен ағама қан көрсетпеу.
Ол менің кереметтігім емес, тәрбие. Ағам үшін аяққа тұрдым. Себебі рөлде сол болды. Ағамның еңсесі түспесін дедім”, – деп ағынан жарылды Тамара.
Көпшілік Тамара жол апатына дейін тұрмысқа шыққан деп ойлайды. Алайда әншінің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Ол қаланың жігіті, мен ауылдың қызы едім. Өмірден ерте кетті, небәрі 30 жасында.
Өзі өте қызық адам, мені өмірге қатты бейімдеді. Жол апатына ұшыраған кезімде Самат қиын жағдайға түсіп, хабар ала алмаған. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Ал мен оны осындай жағдайға түскенімді естіп, келмей жатыр деп ойладым.
Жарты жылдан кейін мені анасы іздеп келді. Жағдайдың бәрін көрді, қайтадан араласып бастадық. Мені орнымнан тұрғызған махаббат. Ол маған: “Көресің әлі, ұл туасың, қыз туасың”, – дейтін”, – деп еске алды Тамара Асар.
"Жолдасымнан "ата-бабаңнан не қалды?" деп сұрадым". Тамара Асар екі жүз жылдық тарихы бар жәдігер туралы айтты
"Тұрмысқа шыққаннан кейін "ата-бабаңнан не қалды?" деп жолдасымнан сұрадым. Ол "әкемнің аты жазылған кілем, балға, балта, пышақ және анамнан қара қазан қалды, ол қарындасымның үйінде" деді.
Олардың бәрін алдырттым. "Сен әулеттің үлкенісің" деп қазанды алдыртып, тазаладым. Күнделікті өмірде тамақ істеуге қолданамын.
Содан кейін жолдасым тағы да 1829 жылы құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны алдыртып, ең алғаш оған наурызкөже астық. Алла қаласа, 5-6 жылдан соң сол қазанға екі жүз жыл толады екен. Анда-санда сыртқа кеткенде "қазаным орнымда тұр ма?" деп сұрап қоямын", - деді ол.