Бүгін аудан әкімінің орынбасары Данат Мегілбаевтың төрағалығымен кәсіпкерлік бөлімі, шағын бизнес өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті.
Жиналғандар алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу тәртібі туралы мәселелерді талқылады. Заңмен тыйым салынған уақытта спирттік ішімдіктерді сатуға жол бермеу мәселесін талқыға салды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тақырыбы жанында әңгіме өрбіді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сауда орындарының өкілдеріне алкоголь өнімдерін белгіленген уақытта ғана саудалауға болатынн қатаң ескертті. Сондай-ақ, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың көбі түнгі уақытта және алкогольдік масаң күйде жасалатынты туралы мыс