Кәрі жілікті босағаға неге іледі?
( білуге тиіспіз, үйретуге тиіспіз...)
– Қазанға ет салғанда алдымен «бісміллә»деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда табаққа салмайды, қонаққа, бөтен, жат адамға емес, керісінше үй иесіне немесе ағайынға береді.
Өйткені «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан қыз балаға «оң жақта отырып қаласың» деп ұстатпаған, ал, ұлдарға «сүр бойдақ боласың» деген сенім бойынша жігітке де бермейді.
«Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдапты. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң а
Кіші жүздегі Он екі ата Байұлының Байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, байбақтыға бас болыңдар!» - депті. Сонда жұрт қаңтарылып ешкім ортаға шыға қоймаған соң аяқ жақтан Сырым шығып: «Бәлі, аға, бас та, бастаушы да болам», - деп Бұланның алдына келіп отырыпты.
Сонда Сырым жиырмадағы жас жігіт екен. Бұлан қарт батасын беріп, содан бастап Сырым байбақтыға би болыпты. Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман тана Малайсары биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты. Малайсарының аулы төменгі топайлы қаласының аузында екен. Малайсарының ш
Әкесінің ұлына айтқан өсиеті........
1.Жеті атаңды,
2. Жеті руды,
3. Жеті жарғыны,
4. Жеті құбыланы,
5. Жеті жақсыны,
6. Жеті жаманды,
7. Жеті жетімді біл.
1. Жеті атасын білмегенді жетесіз дейді,
2. Жеті руды білмегенді жер көріп, ел танымаған дейді.
3. Жеті жарғыны білмегенді жөнсіз дейді.
4. Жеті құбыланы білмегенді көкірек--көзсіз дейді.
5. Жеті жақсыны білмегенді жаман дейді.
6. Жеті жаманды білмегенді надан дейді.
7. Жеті жетімді білмегенді арзан дейді.
Жеті жетіні білгенді Адам дейді.
Жеті жақсыны білсең адаспайсың,
Ақылсыз қадам баспайсың.
Ақылыңа сай талабың болмаса,
Жалғыз ақылмен алысқа аспайсың.
Білімсіз бірлік жоқ,
Малсыз тірлік жоқ.
Мал мен білімге сай кісілігің болмаса,
Жа