Жеті нанның, жеті шелпектің пайдасы, жеті созба жайлы аңыз.
Баяғыда бір жолаушы келе жатып, сандық тауып алады. Ашып қараса, ішінде алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде алтын тас үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.
— Ей, бейшара, не тапсаң да , өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына : «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» — деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім құтқаратын болса, соны жұтамын» деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, — дейді. Жолаушы шыр –пыр болып жалынса да, жылан көнбейді. Кенет отыз жолаушыны оның көзі шалады.
Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар