Құрметті бауырлар келіп жеткен қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Осы күнге жеткізген Аллаһ тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Раббымыз отбасыларымызға, отанымызға аманшылық беріп, бұл айдың әр сәтін пайдалы өткізуімізді нәсіп етсін. Бұл айға жетіп, бірақ соғыс пен аштық себепті оразадан тосылған бауырларымызды дұғаларымызда ұмытпайық. Аллаһым жер бетінде зұлымдыққа ұшыраған пенделеріне жар болсын.
Ораза - аманат.
Ораза - бір қалқан.
Ораза - мұсылмандарға бір ай бойы бауырмал болуды, бөлісуді еске салатын мейірім мен ізгілік мекені.
Ораза - таңсәріден ақшамға дейін ненің халал ненің харам екенін түсіндіретін «шариғат, ақиқат және мағрифат ордасы»
Bir mekteptir oruç
İhsan Şenocak
Алла ﷻ Тағала Ислам дінінде әйел адамдарға мән бергені соншалықты әйелдердің құқығын қорғап, қадірін көтеріп «Әйелдер» сүресін түсірген.
Алайда «Еркектер» деген арнайы бір сүре жоқ.
Және байқағаным сүре «Ей адам баласы Алладан қорқыңдар» деп басталады. Бұның өзі әйелдерге (ана, әже, қарындас, әпке және басқа да әйел адамдарға) қарсы қарым-қатынаста, байланыста, ақыларында қандай дәрежеде сақ болу керектігіне ишарат ететіндей.
Кейбір салих адамдар:
«Өлгеннен кейін күнәларын өздерімен бірге алып кеткендер неткен бақытты, ал өлгеннен кейін күнәларын қалдырғандарға неткен қасірет!» дейді.
Яғни, артынан күнәлі істі бастап қалдырып кеткенге қасірет. Себебі ол өлгеннен кейін де сол күнәлі іс жасалып, оның артынан ере береді.
#кітап_тармақтары