Бүкіл әлемнің Жаратушысы Алланың сөзі, жүрегіміздің көктемі, ұлы қорғанымыз қасиетті Құранда адам баласы үшін шипа бар. Бұл туралы Алла Тағала «Исра» сүресінің 82-аятында: «Құраннан мүміндерге шипа және мейірім түсіреміз», - десе, «Йунус» сүресінің 57-аятында: «Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар үшін жолбасшы әрі мейірім Құран келді», - дейді. Қасиетті Құранның барлық аяттарында шипа бар. Дегенмен, хадистерде белгілі бір сүрелердің ерекше қасиеттері туралы баяндалады. Соның бірі – «Кітаптың анасы» болған «Фатиха» сүресі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, ол – б