Құмалақ ашу – халық арасында әлі күнге екіұдай пікір тудырып келе жатқан дүние. Құмалақшылық өнері халқымыздың көне тарихынан бері жалғасып келеді. Қазақтың қанымен бірге ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан көп тектік қасиеттері бар. Жалпы құмалақшылық қалай пайда болды? Неге ол осы уақытқа дейін өзінің қадірін жоймай келеді? Көне заманнан бері жалғасып келе жатқан құмалақ ашу өнерінің ғылыми сипаты бар ма?
Көнекөз қариялардың пікірінше, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан сәуегейлік. Көпшілік құмалақшыны кейде «балшы», «балгер» деп те атайды.
Бал ашу – астрономиялық, астрологиялық болып екіге бөлінеді. Оның ішінара бөлінетіні тағы бар. Мәселен, г
КӘРІ ЖІЛІК…….
Кәрі жілікті босағаға неге іледі?
( білуге тиіспіз, үйретуге тиіспіз...)
– Қазанға ет салғанда алдымен «бісміллә»деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие.
Оны шақпайды, құда табаққа салмайды, қонаққа, бөтен, жат адамға емес, керісінше үй иесіне немесе ағайынға береді.
Өйткені «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан қыз балаға «оң жақта отырып қаласың» деп ұстатпаған, ал, ұлдарға «сүр бойдақ боласың» деген сенім бойынша жігітке де бермейді.
«Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдапты. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұ