Құрметті Павлодарлықтар! Қаламыздың атауын «Сарыарқа» деп өзгертеміз деушілер, қазақтың Сарыарқасының қасиетін терең түсінбеушілер. Бұл атау қаланың атауын және тұрған жерін дәл ашпайды. Бұл географиялық жердің атауы, барша қазақтың сары белі мен биігі —Арқасы! (Абылай аспас сары бел...Казахский мелкосопочник). Сарыарқаның иесі де, киесі де орталық Қазақстан. Сарыарқа деген — ол үлкен ұғым (бренд)! Бір ұғым екіге бөлінбейді! Оны екі қожаға бөліп бергенде не ұтамыз? Ұрпақты адастырмау қажет. Жердің атауын екіге бөлу дұрыс болмайды. Ертіс деп те атау қателік. Ол да бір үлкен ұғым. Қасиетті Қара Ертістің бойында ондаған қала мен қалашықтар бар, бірақ Ертіс дегенде толқыған қазақтың ең ірі өзен