Таяуда бір досым мені шілдеханаға шақырды. Барсам — үй толы адам. Қырық шақты қонақ дастархан басында жағалай отыр. Төрде бірнеше қария жап-жақсы әңгіме айтып отыр екен. Олар көне түркі тарихын, Орта ғасырдағы Шыңғысханның дәуірлеген кезеңін, Алтын Ордадағы өркендеу, бергі жағы 30-шы жылдары атылып кеткен зиялы тұлғалар туралы толғап шықты. Сәлден соң асығыстау екі-үш қарт қоштасып, ерте шығып кетті. Төрде отырған қария мені қасына шақырып алды да бос орынға жайғастырды. Ет желініп болған соң үй иесі «Сәке, құран оқып, дұға етіп жіберсеңізші» деп өтінді. Мен дауыстап Құран оқып, дұға қайырдым. Құраннан соңғы бір сәттік үзілісті пайдаланып, мен де әруақтарға арнап Құран оқып, дұға жолдау дәст